|
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының /ДЗМҰ, 16.02.1993/ мүшесі және Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік Конвенцияға /1995/, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына /1998/ қосылған, сондай-ақ ДЗМҰ-ның авторлық құқық туралы Келісімін ратификациялаған /2004/.
ҚазАҚ өзінің халықаралық байланыс қызметінде аталмыш халықаралық келісімдердің ережелері мен СИЗАК талаптарын басшылыққа алады.
CISAC - 1926 жылы құрылған дүниежүзі авторлары қоғамдарының жүйесі. Құрамында әлемнің 121 елінің 239 авторлар қоғамы бар. Оларда 4 миллионнан астам құқықиеленушіліер мен орындаушылардың репертуары жинақталған : әндер, аудиобейнежазбалар, драмалық және әдеби шығармалар. CISAC-жүйесі бойынша 2016 жылга жиналған сыйақы мөлшері 9,2 миллиард евроны құрады.
CISAC - авторлар құқығын қорғайтын және олардын атынан әрекет жасайтын , мемлекеттік және коммерциалық деп есептелмейтін ұйым. Бұл конфедерация авторлардың заңды және саяси әрекет етуін қамтамасыз етеді. CISAC – сондай-ақ авторлар мен ұжымдық басқару ұйымдарына бүкіл дүниежүзінен авторлар сыйақысын жинауға , оларды қоғам арасында таратуға көмектеседі.
CISAC - өз қоғамдарының жұмысын жақсарту мақсатымен, орталықтандырылған қызмет көрсету жүйесін құрған: бұл заңдар жинағы, саясат және мемлекеттік ақпараттық технология сияқты салалардан тұрады.
CISAC –тың бас кеңсесі Францияда орналасқан және өзіне қарасты төрт аймақтық кеңсесі бар олар: Африка , Латын-Америкасы, Кариб аралдары , Тынық мұхит аралдары және Еуропа елдерінде.
Шетел авторларының мүліктік құқығын қорғауды авторлар мүдделеріне өкілдік ету туралы екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырады.
ҚазАҚ 148 елдің қоғамдары мен орындаушыларының мүдделерін білдіру туралы келісімдерге ие, қызығушылықтары бар қазақстандық авторлар мен орындаушылардың жалпы саны 2 миллион астам, шығамаларының жалпы саны 20 миллион асады.

ТМД елдерінің қоғамдарымен келісімдер

КазАК ұсынған мемлекеттер мен авторлар

|
|