|
ҚазАҚ өз қызметін төмендегі заңдар мен заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып атқарады:
-
ҚР Конституциясы.
-
Азаматтық Кодекс, оның ішінде 5- бөлім – Зияткерлік меншік құқығы.
-
ҚР Салық кодексі.
-
ҚР Қоғамдық бірлестіктер туралы Заңы.
-
ҚР Бейкоммерциялық ұйымдар туралы Заңы.
ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы (2004 және 2005 жылдары енгізілген өзгерістерімен).
Өзгерістер негізінен төмендегі жәйттерді қамтыды: авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың қорғалу мерзімі 50 жылдан 70 жылға ұзартылды, Заңның кері күші енгізілді, ҚР Өкіметінің авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерін бекіту мүмкіндігі ескерілді; авторлық құқық нысандарын пайдаланушылардың өкілетті органға пайдаланылып жүрген туындылар жөнінде және өз қызметіне байланысты тағы басқадай мәліметтер беріп тұруға міндеттілігі қарастырылды; жалпы көпшілікке жеткізу туралы ұғым енгізілді, т.б.
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар қатарындағы айырықша мәні бар ережелер ретінде «Ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқарушы ұйымдарды аккредитациялау» деп аталатын 46-1 бапты және «Ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқарушы ұйымдарды аккредициялауды жүргізудің тәртібі» деп аталатын 46-2 бапты атау керек. Бұл ережелер бойынша авторлардың мүліктік құқығын қорғаумен және оларға тиесілі сыйақыны жинаумен айналысатын ұйымдар өздерінің авторлардан және өзгедей құқық иелерінен алған өкілдіктері туралы толық мәліметті мемлекеттік өкілетті органдарға тапсырып, куәлік алуға тиіс. Ол аккредитациялық куәлік беру ісін авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұжымдарды аккредитациялау жөніндегі комиссия шешімі негізінде мемлекеттік өкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Өкіметінің «Туындылардың кейбір түрлері үшін белгіленген авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» 2004 жылғы 20 қазандағы Қаулысы.
Сондай-ақ ҚазАҚ өз қызметінде Қоғам мүшелерінің – авторлардың – Жалпы жиналысы бекіткен авторлық сыйақы мөлшерін де басшылыққа алады.
|
|