Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
ҚазАҚ туралы
ҚАЗ
РУС
ENG
ҚазАҚ — өзінің атқаратын қызметі жөнінен авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйым да, ал құқықтық-ұйымдасу жағынан – республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол өз жұмысын ерікті түрде және тең құқықты мүшелік негізінде жүзеге асырады. ҚазАҚ қызметін бүкіл Қазақстан аумағында жүргізеді.

ҚазАҚ-тың негізгі атқаратын қызметі – авторлардың мүліктік құқығын басқару, яғни авторлардың атынан олардың туындыларын пайдалануға рұқсат беру, авторлық сыйақыларын жинау, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу. Сонымен қатар ҚазАҚ авторлардың шағымы бойынша, сондай-ақ өз бастамасымен де авторлардың бұзылған құқығы үшін сотқа жүгініп, өтемақы талап етеді.

ҚазАҚ авторлар (құқық иелері) өздерінің мүліктік құқығын бақылауды олардың өздері тікелей жүзеге асыра алмайтын жағдайда (жария орындау,с.і. телеарналар мен радиода, туындыларды механикалық жазба яки магниттік жазба жолыымен қайта шығаруда, т.б.) ұжымдық негізде басқарады.

Авторларға (құқық иелеріне) шығармаларын тікелей өздері пайдалануға беруіне байланысты қажетті көмегін көрсетеді.

ҚазАҚ отандық авторлармен қатар шетел авторларының да Қазақстан аумағындағы мүліктік құқығын қорғауды қамтамасыз етумен айналысады. Сондай-ақ қазақстандық авторлардың құқығы дүниежүзі көлемінде бұзылмауын да бақылайды.

ҚазАҚ - халықаралық СИЗАК ұйымының мүшесі. Ол әлемнің 221 елінің 229 қоғамын біріктіреді.
Жаңалықтар мұрағаты
22.12.2011
2011 жылдың 12 желтоқсаны күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» ЖК Енжанов Н.М-ге қарасты ЖШС «АСД рекордстың» үстінен түсірген арызы бойынша автор туындыларын заңсыз шығарып, таратқаны туралы іс қарады.
27.08.2011
2011 жылғы 25 тамызда ҚазАҚ Авторлар Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста қоғам жұмысына өткен жылдың қараша айында басталып, биылғы көкек айының соңына дейін созылған тексеріс қорытындылары туралы хабарлама тыңдалды
20.07.2011
2010 жылы Швейцарияның авторлар қоғамынан КОСИС деп аталатын компьютерлік бағдарлама сатып алғанымызды хабарлаған едік. ҚазАҚ былтырғы жыл бойы өз мүшелерін – яғни 1540 авторының тиісті деректері мен олардың 40 мыңнан астам шығармаларын осы бағдарламаға енгізумен айналысқан.
28.04.2011
РҚБ «ҚАЗАҚ» заңгер Темірлан Төлегенов пен «Таң» телеарнасының жүргізушісі Сергей Щербаков эфир арқылы Қоғам туралы жалған мәліметтер таратқаны үшін сотқа арыз түсірген еді
21.04.2011
2011 жылдың 7 сәуірінде РҚБ ҚазАҚ «Ән авторларының одағы» (САП, Шымкент қ-сы) мен «Абырой» авторлар қоғамына (Алматы қ-сы) хаттар жолдап, автор туындыларын пайдаланушыларға лицензиялық келісім-шарт беруге тиым салатынын хабарлады
Все новости >>>
СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2012
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.